Қойбақов  Серік Ерғабылұлы  1966 жылы  14 ақпанда  Атырау  облысы Махамбет  ауданы  Таңдай  селосында  дүниеге  келген.

1973 – 1983 жылдар аралығында  Таңдай  орта мектебінде оқып  10 жылдықты аяқтады. 1983 жылы Атырау сол кездегі  Гурьев қаласындағы ДОССАФ та  электромеханик  курсын аяқтап. Еңбек жолын  Бақсай  совхозында  құрлысшы  кейіннен электрик  болып бастады.

1984 – 1986 жылдары  Украинаның  Чернигов облысында Совет армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1986 – 1991 жылдары  Гурьев  педагогика институтының  биология және химия факультетін оқып  тәмәмдады.

2014 – 2016 жылдары аралығында  еңбектен қол үзбей жүріп  Халел Досмұхамедов  атындағы Атырау  мемлекеттік  университетінің  география  мамандығы  бойынша  білім  бакалавры мамандығын  алды.

Койбаков  Серик  Ергабылович  Қ. Ахмедияров атындағы орта  мектепте  1991  жылдан  география  пәнінің  мұғалімі  болып  еңбек  етіп  келеді. 

2005 – 2018 жылдар аралығында мектеп директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі  орынбасары.

2018 жылдың қазан  айынан  мектеп  директорының оқу ісі жөніндегі  орынбасары.

2019 жылдың мамыр айынан бастап  Қаршымбай Ахмедияров  атындағы орта мектеп комунальдық  мемлекеттік мекемесінің  директоры қызметіне  конкурстық   негізде  тағайындалды.

Оқыту  мен  тәрбиелеудің  жаңа  түрлерін  шебер  игеріп,  кәсіби  іскерлікпен   меңгерген  ұстаз  оқушыларға  география  пәнін  тереңірек  білгізу  мақсатында  қажымай  еңбектенуде. Ол мектептегі «Зерек» оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшісі,  география кабинетінің меңгерушісі қызметтерін қоса атқарып,  білім берудің сапасын арттыру және оқытудың білімдік деңгейін көтеру,  дарынды оқушылардың жұмысын жетілдіру  мақсатында үнемі үздіксіз,  талмай еңбек етіп  келе  жатқан  тәжірбиелі  маман  .

2006-2007  оқу  жылында  «Жаңарған  елге – сапалы  білім»  тақырыбындағы  аудандық  педагогикалық  оқуда  ІІ-орын,  «Білім  беру  жүйесінің  мазмұны:  Бәсекеге  қабілетті,  білімді  және  құзіретті  тұлғаны  қалыптастыру  мен  дамыту»   тақырыбында  өткен  VІІІ облыстық   педагогикалық  оқуларда  «Бейінді  оқыту – оқу  үрдісін  жеке  тұлғаға   бағдарлаудың   тиімді  жолы»  тақырыбындағы   баяндамасы  облыста  І-орынды  жеңіп  алды.   Баяндама  облыс  мұғалімдерінің  VІІІ  облыстық  педагогикалық  оқулардың  баяндамалар  жинағына  енді. 2014 – 2015 оқу жылында «Құзыреттілік – шығармашыл  тұлға қалыптастыруға  бағытталған білім  беру» тақырыбындағы  аудандық  педагогикалық  оқуда  ІІ-орын, «Білім беру қызметкелерінің  кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбында  өткен  XVІ облыстық   педагогикалық  оқуларда    ІІ-орынды  жеңіп  алды. Баяндама  облыс  мұғалімдерінің  ХVІ  облыстық  педагогикалық  оқулардың  баяндамалар  жинағына  енді.

2007 жылдың қазан айында «Бәсекеге қабілетті маман дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатынасып баяндамасы конференция  материалдар  жинағына  енді.   

2008 жылы «Бәсекеге қабілетті маман дайындау: мәселелері,шешу жолдары» аймақтық ғылыми-әдістемелік  конференцияға  қатынасып  баяндамасы  конференция  жинақ кітапшасына  енді.

 2008 жылы ауылдың әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтерудегі,халыққа қалтқысыз қызмет көрсетудегі ерекше еңбегіне орай «Жыл мұғалімі» атағы берілді. 

 2009 жылы Алматы қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық семинарға қатынасып  сертификатқа ие  болды.

 2011 жылы  Аудандық  география пәні  мұғалімдерінің  олимпиадасында  3  орын.

Аудандық  «Жаңа білім  мазмұны тың  идея мен тәлімді  қажет етеді» тақырыбында география  мұғалімдерінің семинарында ашық  сабақ  беріп  «Ағыс  хат» алды.  2011 жылы  Қазақстан  Республикасы  20  жылдығына   арналған    «  Инноватор меңгеруші –  2011»  аудандық   сайысында  1 – дәрежелі дипломмен марапатталды.

2011 жылы  облыстық  «Ең  үздік  география  пәні бойынша  қолданбалы  және  таңдау курстарының  бағдарламалары »  конкурсында  «Ағыс  хат» алды.

2012 жылы   Аудандық   география  пәні   мұғалімдерінің  олимпиадасында  2  орын.

2013 жылы Аудандық   география  мұғалімдерінің семинарында ашық  сабақ  беріп  «Ағыс  хат» алды.

2015 жылы  «География  сабақтарындағы  инфрақұрлым – оқушыларды әлеуметтендірудің  басты шарты ретінде » тақырыбындағы  география  пәні  мұғалімдеріне  арналған облыстық  семинарына  қатынасып  баяндамасы  семинардың  жинақ  кітапшасына  енді.

Өзі сабақ беретін сыныптарда үлгерім сапасы 71%. Оқушылары аудандық, облыстық олимпиадаларда  жүлделі  орындарды  иеленіп  келеді. 

Пәндік олимпиадалар көрсеткіші:

2007 ж- Наутиева Айгерім  9 сынып I орын (аудан), I орын (облыс) 2008 ж- Жандуллин Ақболат  9 сынып I орын (аудан), III орын (облыс). Наутиева Айгерім 10 сынып I орын (аудан), II орын (облыс). 2009 ж - Жандуллин Ақболат 10 сынып I орын (аудан)  Наутиева   Айгерім             11 сынып    орын (аудан),  III орын (облыс)   2010 ж -  Жандуллин  Ақболат 11 сынып  I орын (аудан), III орын (облыс)  2011 ж - Сайын Темірлан  9 сынып I орын (аудан),  III орын (облыс) 2012 ж – Жылқыбай  Айжан  9 сынып I орын (аудан),  III орын (облыс)  2013  ж – Бақтығали  Нұрай  9 сынып  I орын (аудан),  II орын (облыс)  2015 ж – Сәкембай  Нұрбек 11 сынып  I орын (аудан),  III орын (облыс)  2019 ж 9 сынып   I орын (аудан),  Алғыс хат (облыс)

Оқушылардың  білімін  дағдыландыру  жолы, ғылыми  жұмыспен  ұштастыру болып табылады. Мектеп бойынша «Зерек» ғылыми қоғамында экономика бағытында ғылыми жұмыспен шұғылданатын оқушысы

 2009 ж - Наутиева Айгерім  11 сынып I орын (аудан), I I орын (облыс)  2013 ж – Ерғабыл Төребек  11 сынып I орын (аудан),  I орын (облыс)  алды.

 Ұлттық  бірыңғай  тестіге  қатынасқан  оқушылары    жылдар  бойы жоғары   сапа  көрсетіп келеді.

 Ол  өз білімін  үнемі  артырып  отырады, білім  саласындағы  жаңалықтарды  үнемі  қадағалап, өз  тәжірибесіне  енгізуде. 2013 – 2014  оқу  жылы  Қазақстан  Республикасы педагог  кадрларының  біліктілігін  арттырудың  деңгейлі  бағдарламалары   аясында  бірінші ( ілгері)  деңгей  бағдарламасы  бойынша  мұғалімдерді  оқыту курсын, 2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық  шеберлік  орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі  рефлексия» жалпы білім  беретін мектептердегі  педагогика  кадрларының  кәсіби  даму бағдарламасы  бойынша мектеп  тренерлері курсын, Қазақстан Республикасында  орта білім мазмұнын жаңарту  шеңберінде  «География» және «Жаратылыстану»  пәндері  бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсын  аяқтады.  Сонымен  қатар «Жаңартылған  білім  беру мазмұны аясында  басқарушылық  қызмет  және менеджмент»  атты семинар  курста  білімін  жетілдірді. 

Ұстаздың мектептегі оқыту  тәрбие  жұмысына   белсене араласып  жас  ұрпақты  оқыту мен  тәрбиелеудегі  еңбегі  еленіп  бірнеше рет еңбек  кітапшасына  жазылған мектеп  директорының  Алғысы  жарияланды.  Облыстық  білім  жүйесіндегі   шығармашылық  еңбегі  және  жеткіншек ұрпақты  оқыту мен тәрбиелеудегі  табыстары  үшін   Білім  беру  және  ғылым  қызметкерлерінің  Атырау  облыстық  кәсіподағының  «Құрмет грамотасымен», 2015 жылы Қазақстандық  салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының  «Құрмет  грамотасымен», 2016 жылы  «Білім  және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына  сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, 2019 жылы Атырау  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін  арттыру  институты  шығармашылық  ізденістері мен кәсіби  біліктілігі  үшін  «ҰЛАҒАТТЫ  ҰСТАЗ»  төс белгісімен   марапатталды.



Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз