Таңдай  ауылы  бір  кездері  ақ  шандақты  бір  төбе  болатын.  Төбе  болғандағы,  төбе  басында  Таңдай  есімді  әйелдің  жалғыз моласы  ғана  бұл  жердің  белгісі  болған. Бұл  Таңдай  селосының  1927-1929  жылдардағы  келбеті.  Бұл  кезде  республиканың  түкпір – түкпірінде  шаруашылықтар  отау  тіге бастады.  Қазақ  Республикасы  мемлекеттік  жоспарлау  комитеті  президумының  қаулысымен  Махамбет  ауданы  1928  жылы  құрылып,  артынан   «Гурьев»   ауданына  біріктірілді.  Сол  кезде  қазіргі  Атырау  өңірі  батыс  Қазақстан  облысына  қаратылды.  1930 жылдардың басында  алғашқы  кеңестік  шаруашылық  «Гурьев»  деп  аталынды.  Ол шаруашылық  негізінде  1931  жылы  Бақсай  кеңшары  ұйымдастырылып,  орталағы  болып «Таңдай»  елді мекені  белгіленді.  Жас  шаруашылықтың  қаз  басып  кетуі  көптеген  қиындықтарды  көлденең  тартты.  Шынында  да  кешегі  киік  жортқан  далада  замана  тіршілігін  орнату  оңай  емес  еді.  Әйтседе    адамдар  күші  бәріне  де қарсы  тұрды.  Шығыс  жақтағы  Жайық  өзенінен  бастау  алатын  «Боқсақ»  сайын  тереңдету  жұмысы  1942  жылы  басталды.  Оған  сол  кездегі  Бақсай  ауданы  атқару  комитетінің  төрағасы  Тынықбай  Шырдабаев  тікелей  басшылық  етті.  «Боқсақ»  сайын  каналға  айналдыру  сол  кездегі  «Гурьев – Астрахан»  темір  жолын  салу  жұмысымен  пара – пар  болатын. Маңғыстау,  Ақтөбе,  Орал  жерінен де  жұмысшылар канал  қазу  жұмысына  қатысты. Ұзындығы  60 шақырымға  жетерлік  канал  қол күрекпен  қазылып,  топырағы  қабаққа  қол  арбалармен  немесе  носилкалармен  шығарылатын.  Адамдар  3 кезекте  жұмыс жасады.  Алғашқы  үйлер  де салына  бастады.  Алғашқы  жылда-ақ  6 тұрғын үй,  малшыларға  22 үй, қойма,  мал  қоралары  салынды.  Осындай  қиыншылықта  мектеп  үйі  де  тұрғызылды.

 

Алғашқы мектеп 1930 жылы 30 балалық интернаты бар,160 оқушыға арналған бір қабатты бастауыш мектеп болып ашылған. Мектеп үйі-4 кластан,мұғалімдер,пионер, табиғаттану бөлмелерінен,директор кабинетінен,барлығы 8 бөлме болған. Мектеп 4 қазақ,4 орыс тілді класстардан жасақталған,оқушылар екі ауысымда дәріс алған.Мектептің алғашқы директоры болып Клавдия Васильевна Богатырева тағайындалды.1930-жылы тұрғызылған оның ғимараты осы күнге дейін бар. Мектеп 1935 жылы «орталау» мектеп болып құрылды.

 

Мектеп  директоры  болып  Әбішев  Тұқпат,  оқытушылар  болып  Сабырқұлов  Шарафиден,  Құлкенов  Әбдеш,  Әбішев  Сияж  жұмыс  жасады.  Мұның  ішінде  мектеп  директоры  болып  жасаған  Әбішев  Тұқпаттан  басқа  адамдар  жөнінде  мәлімет  жоқ.

 

1940  жылы  «Гурьев»  қой  савхозының  мал  мен  шабындық  алқабы  «Қызылқоға»  ауданына  берілуіне  бойланысты  оның  орталығы  «Мұқыр»  станциясына  көшіріліп,  Бақсайлықтар  «Таңдай»  селосына  қоныс  аударды.  Соғыс  жылдары  мектеп  директоры  болып  Мұқанов  Жақсылық  жұмыс  жасады.  1942  жылы   қазіргі  Ақтоғай  селосының (бұрынғы атауы Шой) Таңдай  селосымен  біріктірілуіне  орай  мектептегі  бала  саны  көбейе  түсті.  1942-43  оқу  жылында  мектеп  директоры  болып  Мұқанов  Жақсылық , 1943 -44 жылы  Қазиев  Есмұхан,  оқытушылар  болып  Сарекенов  Шоқан,  Башенова  Ағиба,  Күзенбаева  Дәмен,  Кенжебаева  Биғайша,  Мырзабекова  Ұрқия  жолдастар  істеген.  1945-46  оқу  жылында  Таңдай  7 жылдық  мектебінің  оқушыларының  саны  едәуір  өсті.  1945-46  оқу  жылынан  1947-48  оқу жылына дейін  мектеп  директоры  болып  Сарекенов  Шоқан,  оқытушылар  болып  Мұқанова  Естай,  Такөшев  Тұрғали,  Сарекенов  Ізтелеу,  Бутузова  А.Г.  Әбішев  Ғинаш,  Батыров  Қалахмет,  Жұмахметов  Қами,  Төлегенов  Қабдығали  жолдастар  жұмыс  жасайды.  Мектепті  осы  жылдар ішінде  бітірген  Ахметов  Төлеген,  Мұхамбетов  Арал,  Дауітов  Сайн  арнаулы  дәрежелі  білім  алып,  мал мамандары  болып  жұмыс  істесе,  Даулетияров  Төре,  Оразғалиев  Мәндірғали,  Ахмедияров  Қырғи  Алматының  мал  дәрігерлік   институтында оқып,  білім алған.  Мектепті  осы  жылдары  бітірген  Каримов  Файзолла  Сталинградтағы  Құрылыс  институтында оқыса,  оның  кластас  жолдасы  Тілегенов  Жұмахмет  Москвадағы  Тимирязов  атындағы  ауыл  шаруашылығы  академиясында  білім алған.

 

1948-49  оқу жылында  Таңдай 7 жылдық  мектебінің  материалдық  базасы    едәуір  нығайып,  алыстағы  малшы  балалары  үшін  30 – 35 балалық  қоғамдық  интернат  ұйымдастырылған.  Бұл жылы  мектептің  оқытушы  кадрлары  арнаулы  дәрежесі бар  оқытушы  кадрлармен толықтырылып,  мектеп оқушыларының саны  130-ға жеткен.  Осы  оқу  жылында  мектеп  директоры  болып  Әдірісов  Әбу,  оқытушылар  болып  Есенғалиев  Сембай,  Майжанов  Жасиін,  Сафиев  Мұхамбетжан,  Сауықова Жұмаш,  Бақтыгереев  Сайфолла,  Кенжеғалиев  Нұролла,  Бисенғалиева  Қамила,  Дощатова  Шархат,  Леднева  жолдастар  жұмыс жасаған.  Бұл жылы  мектеп  бітірушілер  Қызылов  Қанат, Әлиев  Кенжеғара,  Өтеғалиев  Самиғолла  мұғалімдер  институтына  түсіп,  оқып  шыққан.

 

1952-53  оқу жылында  мектеп директоры  Жексенов  Құлмағанбет,  оқытушылар  Қанатова  Қанапия,  Ашиев  Қайса,  Хамитов  Сәбит,  Қарпашев  Ғинаят  жұмыс  жасайды  1954-55  оқу жылында Таңдай  7 жылдық  мектебі  тиісті  дәрежелі  білімі  бар  кадрлармен  толықтырылып,  қамтамасыз  етілді.  Осы  жылдан  бастап  мектеп  директоры  болып  Майжанов  Жасиін,  оқу  ісінің  меңгерушісі  Маханова  Айша,  оқытушылар:  Тайпанов  Ораққали,  Ядрина  Л.В.,  Шапошникова  Т.Г.,  Әбішев  Ғинаш,  Мұхамбетова  Қабиба,  Мұхамбетова  Зәмзия,  Ашиев Қайса,  Тасқалиев Жолдас,  Дощатова  Шархат,  Шаманов  Дәулет,  Бисенғалиева  Қамила,  Маметова  Қамила  жұмыс  жасайды.  Бұл  жылдары  мектептің  оқу-тәрбие  жұмысы  жақсарып,  жыл аяғында  үлгерім 85% болады. Мектептің  материалдық  базасымен  мектеп  жанындағы  қоғамдық  интернаттың  материалдық  базасы  жақсара  түседі.  Қоғамдық  интернатты  Бақсай  қаракөл  савхозы  қамқорлыққа  алып,  төсек – орын,  ыдыс – аяқ,  мебельмен  қамтамасыз  етеді.1953 жылдың 4 шілдесінен бастап Жантлеков Халидолла есепші қызметін атқарған.

 

1955-56  оқу  жылында  Таңдай 7 жылдық мектебінде  политехникалық білім  беру  ісі  жолға  қойылады.  1956-57  оқу жылында  мектеп  бітірушілер  санының  көбеюіне байланысты  Таңдай 7 жылдық мектебінде 8 класс  ашылып,  Жаманқала  орта  мектебінің  филиалы болады.  Бұл жылдары  мектеп  Сарсенова  Алмаш,  Ибрашев  Ахот,  Ахтуллина  Сұлушаш,  Маврадиева Мария  т.б. жас мамандармен  толықтырылады.  1957 – 1958 оқу жылында  мектепке  қосымша 3 бөлмелі үй салынып, Таңдай орталау  мектебі  дербес мектепке айналады.  Бұл оқу жылында мектеп ұжымына Мажанов Асылбек, Дауітқалиева Болған, Қызылов  Қанат, Әлиев  Кенжеғара,  Садықов  жылқыбай,  Қарамоншақов  Ізім,  Аманғалиева София,  Жұмашев  Сабыр жолдастар қосылады.  Материалдық  база нығайып  лаборатория,  соғыс  кабинеттері  және  спорт  алаңы  жабдықталады.  Мектептің  спорт  мастерскойында  қол еңбегі, практикум  сабақтарын жүргізуге

 

толық  мүмкіндік алынды. 1958-59 оқу жылында мектеп  толықтай «орта»  мектеп болып қалыптасты.  Жаңа жас  кадрлармен толықтырылды.  Олар  Егізбаев  Мерген,  Бөлекбаев  Сапар,  Құрманғазиева  Қанымзия,  Халитова  Галина,  Оразбаева Алмаш.  Бұл  оқу  жылында 10 класты 26 оқушы аяқтаған. Олардың  6 жоғарғы оқу орындарына түсті.  Олар:  Бақыраева  Пинара,  Құсайынов  Ахметжан,  Құрманғазиева  Г,  Айсиева  Күлза.

 

1959-60  оқу жылында  оқытушылар  қатарында  Жайлашев  Жақсылық,  Габдуллина  Сауле,  Көшалиев  Орынбасар,  Бақыраев  Үмбет,  Мұхитова  Қасиет,  Ризуанов  Қатимолла болды.  Бұл оқу жылында 10 класты 11 бала бітіріп шықты.  1960-61 оқу  жылында  мектеп директоры Құрманғазиева Қанымзия.  1961-62  оқу жылында  мектеп ұжымына  Көзболова  Жаңыл,  Қарабалин  Сиғуат,  Халелова  Қанекей  қосылды.  1961-62 оқу жылында  10 класс бітірген  Дәрішева  Батима  Гурьев  педагогика  институтына  түсті.  Ахмедияров  Қаршымбай  Өнер  институтының  түлегі.  Бұл  жылы 235 оқушының  209-ы  үлгріп, 89%  көрсеткішпен  аяқтады.  1962-63  оқу жылының  басынан бастап мектеп  директоры  Қарабалин  Сиғуат тағайындалды.

 

1963-66  жылдары  Бақсай  савхозында  директор  болған  Оңайбай  Көшековтың  есімі  ерекше  құрметпен  аталады.  Савхоздың  әрбір  еңбеккері  бұл  жылдардағы  қол жеткен ұлы  өзгерістерді,  ел байлығы,  ауыл тарихында  болған жақсылықтарды  Оңайбай  Көшеков  есімімен байланыстырады.  1964 жылы савхоз  директоры  О.Көшековтың  бастамасымен  320 балалық  типтік  мектеп үйі салынып, 1964-65  оқу  жылында пайдалануға  берілді.  1965-66  оқу жылында  қосымша  жатақ  үйі салынып  тәрбиеленушілердің  саны 120-ға  жетеді.  Интернаттың  бюджеті  өсіп дербес  интернат  меңгерушісі  болып  Ибрашев  Ахот  жұмыс  жасайды.  1965-70 жылдар  арасында  оқушылар  санының  көбеюіне  байланысты  мектеп  үйіне  қосымша  6 бөлмелі  үй салынып  іске қосылады.  Бұл жылдары  мектеп  оқушыларының  саны 548  балаға  жетіп 19 класс  комплектісі  болады.  1971-75 оқу жылдары  класс комплектісі 24-ке  жетіп,  оқушы  саны 696  балаға артты.  Ал  мектеп  жанындағы  интернатта  тәрбиеленушілер сан  250 балаға жетті. Бұл кезде  мектепте кәсіптік  білім беру  жүзеге  асып,  мал шаруашылығын  механикаландыру,  машина  тану  сабақтары  жүргізіле бастады.  1975-76  оқу жылында  65 оқушы  мектеп  бітіріп  осы  жылы  тұңғыш рет мектеп бітірушілер  «Алатау»,  «Ауыл таңы»  комсомол  жастар  бригадасын  құрып,  17 жас өз ауылының  экономикасын  көтеруге  ат  салысу үшін  ауыл шаруашылық  жұмыстарына  аттанады.  1978-1979  оқу жылында  16 мектеп  бітіруші жас «Искра»  механизаторлар  бригадасын  құрып, ауыл экономикасын  көркейтуге  өз үлестерін қосты. 1979-1980 оқу жылында 725 оқушының «5»-ке 73-і, «4 пен 5 «-ке 217-і оқып, сапа 40 пайызды құрады. Оқытушылар болып Қанкомов Қырым, Құрманова Шарипа,Алтаева Дамеш,Панабердиев Асқар,Дюсеева Өсила,Төребаев Насипқали еңбек етті. Мектеп түлектері: Оразғалиев Арман, Каримова Гүлбаршын мектепті «Алтын медальмен» бітірді.1980-81 оқу жылында мектеп үйі 4 кластық бөлмемен үлкейтілді.  Мектепте  лингофон,  автодело,  кәсіптік  бағдар  беру  кабинеттері  жұмыс  жасай  бастады.  Оқу  озаттарының  саны-81, «4 пен5»-ке  оқитындар  саны 170 балаға жетті.  Алыс елді мекенде тұратын малшы шопан балаларының білім  алуына  жағдай  жасалып,  оқу-тәрбие  жұмысында өз нәтижесін  бере бастады. Интернат ұжымы 1980-1981  оқу жылында Республикалық  мектеп  жанындағы  интернаттар  байқауына  қатысып,  ІІІ  орынды,  1985-86  оқу жылында  облыстық  байқауда ІІ  орынды иеленді. Малшы  шопан  балаларынан  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  алуына  сол  кездегі  Интернат  ұжымының  атап  айтқанда  интернаты  үздіксіз  25  жыл  бойы  басқарған  ҚР  Білім беру  ісінің  үздігі  Балабай   Дәуітқалиевтың  тәрбиешілер:   Дощатова  Шархат,   Жұмахметов  Ками,  Шаманов  Дәулет,  т.б.  адамдардың   еңбектері  орасан  зор.  Мектеп  ұжымы  осы  уақыттар шіндегі  өздерінен  білім  алған  түлектерін  әркез  мақтан  етеді.  1981-1982 оқу жылында мектеп бітіруші түлек  Нұрхиева Гүлнар «Алтын медальмен» бітірді. Мусағалиева Ақмарал,Мұхамбетқазиева Қоңырша, Отаров Оразбай,Изтелеуов Өтеген, Темірғалиева Айжамал комсомол жастар  шопандар бригадасына барып еңбек етті. Нұрхиева Гүлнар шопандар бригадасының белсенді мүшесі болды.

    

1982 – 88  оқу  жылдары  мектеп  директоры  болып  Ермекова  Райхан,  1988 – 91  жылдары  Есқалиева  Сәуле,  1991  жылдан  2015 жылдың шілдесіне дейін  Ахтаубаев  Хамит  басқарып  келді.   1988-90 жылдары 568  бала  білім алып,  66  мұғалім   жұмыс  жасады.  Мектеп  жанындағы  интернат  тәрбиеленушілерінің  саны  40-қа жетті.

 

1990-1991оқу жылдары мектепте 561 оқушы оқып,»5»-ке 35,  «4 пен 5»-ке 150 үлгеріп, сапа 31,2  құрады.45 пән мұғалімі,23 сынып жетекші еңбек етті.1 мұғалім (Көркембаев Мұрасбек) жоғары, 14 мұғалімге 1-ші, 19 мұғалімге екінші категория берілді.1991-1992 оқу жылында  Таңдай орта мектебінің директоры болып Ахтаубаев Хамит Табылдыұлы,(аудандық бб №339 бұйрығы) , оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып Баймұқанов Сағынғали,тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып Ермекова Элеонора , мұғалімдер қатарын Ерғалиева Күнсұлу,Төлекенова Жанат, Нәсіпқалиев Серікқали толықщтырды.Мектептегі бала саны—567.

 

1993-1994 оқу жылында оқушы саны-548,оның «5 «-ке-25,»4 пен 5» ке 157 үлгеріп,сапа 36 пайыз көрсетті.

 

1992-1993  оқу жылында оқушы саны 548, оның «5»-ке 25-і, « 4 пен «5» ке 157-і үлгеріп, сапа 36 пайыз құрады. 9 сынып оқушысы Рысқалиева Нұргүл мектепті «Үздік куәлікпен» аяқтады.Мұғалімдер қатарын Қарасаева Қабира, Ахмедиярова Гүлжан, Қайнарова Жұмагүл,Шадуова Үнзира толықтырды. Мектеп жанындағы интернатта 59 тәрбиеленуші тәрбиеленді. 1993-1994 оқу жылында оқушы саны 548. Оның «5»-ке 25-і,»4 пен 5»-ке 157-« үлгеріп  сапа 36 пайызды құрады.

 

1994-1995

1995-1996

1996-1997 оқушы саны 559,сынып саны 29. Сапа 40,6

1997-1998 оқушы саны 558, сынып саны 29, сапа 47

1998-1999 оқушы саны 575,сынып саны 31,сапа 45

1999-2000 оқушы саны 566,сынып саны 31,сапа 48

   

Таңдай  орта  мектебі  2000 жылы  сол  кездегі  облыс  әкімі  И. Тасмағанбетовтың,  сол  кездегі  аудан  әкімі  қазіргі  мәжіліс  депутаты  У. Елеубаевтың  бастамаларымен  жаңа  салынған  ғимаратқа   көшті.  Ғимаратты  салған  «Саулет - сервис»  ЖШС,  директоры   Р. Дайыров.  Мектепте  15  класс  кабинеті,  2  компьютер  класы,  спортзал,  асхана,  АКТ  залы,  кітапхана  іске қосылды.  Оқушылардың  білім  алуына  толықтай  мүмкіндік  жасалынды.

    

2000-2001оқу жылында 31 сыныпта оқыған 623 баланың  « 5»-ке 45-і, «4 пен 5»-ке 225 үлгеріп, сапа 47,6 ,үлгерім 100 пайыз болды. Жыл қорытындысында 6 «А» (С.Қойбақов), 4 «А» (С.Рамазанова), 7 «А» (Б.Меңдібаева) ,2 «А» (А.Мырзағалиева), 11 «А» (З.Жугинисова) жетекшілік ететін сыныптар  мектептің сапа көрсеткішінен жоғары болды. Мұғалімдер: Н.Сиғуатова, М.Мұхамбетжанова, Б.Исақұловалардың баяндамалары облыстық пед. Оқудан жүлдеге ие болды. Исақұлова Балжанның «жаңа технологиялық әдістерді ұтымды «Жыл мұғалімі-2001» аудандық сайысында Г.Қойбақова 3 орынды иеленді. 9 сыныптың негізгі курсын бітіруші : Сыдықова Гүлзада,Батыралиева Динара «Үздік куәлікке», мектеп бітіруші түлек Хакмидолла Нариман «Ерекше аттестатқа» ие болды.11 сынып бітірген 52 оқушының «34» -і жоғарғы және арнаулы оқу орындарына түсті. Мектеп жанындағы интернатта 63 елді-мекен баласы жатып, білім алды. 1416260 тенгенің қатты жұмсақ мүліктері алынып, жұмсақ мүліктер тугелге жуық жаңартылды. ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген шараларда мектеп оқушылары:Хамиева Маржан, Заманғалиева Құндыз «Үздік» деп танылып, Хамиева Азиза аудандық ән-жыр байқауларының жеңімпаздары атанды.

 

2001-2002 оқу жылында мектепте 597 оқушы оқып білім алды. Оның «5»-ке 42-і,»4 пен 5»-ке 218-і оқып,сапа 47 пайызды құрады. Мектеп бітіруші түлек Тасқалиева Ақмарал  «Ерекше аттестатқа», негізгі мектеп бітіруші Карабалина Марта «Үздік куәлікке» бітірді.

 

2002-2003 оқу жылында 71 мұғалім еңбек етті. Мектепте 570 оқушы білім алды. «5»-ке-48,»4 пен 5»-ке 234 үлгеріп, білім сапасы 52,5 пайызды құрады.Облыстық IV пед.оқуда Шамсутдинова Гүлбану, Қуатова Гүлмира екінші орындарды иеленді.Негізгі мектеп бітіруші түлектер:Қойбақова Нұргүл,Меңдіғалиеева Аяжан «Үздік куәлікке», Батыралиева Динара мен Сыдықова Гүлзада  «Ерекше аттестатқа»  бітірді.Жыл қорытындысында С.Бержанова ,Ш.Дембергенова,Р.Биекенова жетекшілік еткен сыныптар жоғары білім сапасын көрсетті.Мектеп оқушылары жыр сайыстарынан аудан,облыс көлеміндек жеңімпаз атанды. 8 сынып оқушысы Ораққалиев Жедел «Атадан туған аруақты ер» номинациясы бойынша аудан Бас жүлде,облыстан 3 орынды жеңіп алды.Махамбеттің 85 өлеңін жатқа айтқан Жедел «Махамбет сыйлығының» иегері атанды.

 

2003-2004 оқу жылы  30 сыныпта 561 оқушы оқып білім алды. Оның «5»-47-і, «4 пен 5»-ке 109-ы үлгеріп, сапа 48,9 құрады.Оқушы білімін анықтауда олимпиада үлкен роль атқарады.2-7 сыныптар арасында өткен аудандық пәндік олимпиадада Халидолла Әсел(қазақ тілі)-1 орын, Фазыл Нұрсұлтан (математика),Әбдешев Әділжан (математика),Аманғалиев Қасиет 2 орындарды иеленді. «Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі» «XXI ғасырдағы орта білім: ізденістер,проблемалар,перспективалар» тақырыбымен аудандық пед.оқуға 13 мұғалім ,облыстық пед.оқуға 5 мұғалім қатынасып, нәтижесінде  математика пәні бойынша Шамсутдинова Гүлбану ,биология Құрманғазиева Аида,геогрфия Ахтаубаева Жанар    I  ,11  орындарды иеленді.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің олимпиадасында Жұбаниязова Жамал облыстан 1 орын иеленді. «Тәлімгер-2004» сайысында Исақұлова Балжан ауданнан «Бас жүлде»,облыстан 3 орынды иеленді. Негізгі мектеп курсын бітіруші  Бисенова Гүлзада «Үздік куәлікке» бітірді.

 

Оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болды. Мектеп асханасы арқылы 45 отбасының 60 баласы 55600 тенгенің тамағын ішті.

 

2004-2005  оқу  жылы.  Қазақстан  Республикасы  Білім  Министірлігінің  26 ақпан

 

1997  жылғы  №03-09-05 / 2-102 нұсқау  хатына  сәйкес  микроаудан  бойынша  6-17 жас

 

аралығында   балалардың  есебі  шығарылып,  627  оқушының  544-і  мектепте  оқыды. 

 

Оның  60-ы  интернат  тәрбиеленушілері.  Мектепте  тартылмай  қалған  оқушы  жоқ.  2- бала  үйден  оқыды:  Рахметолла  Арайлым -3 сынып,  Біләліва Анар- 6 сынып.

 

Мектептегі  әдістемелік  қызмет,  шығармашылық  топ  «Жас  мұғалімдер» мектебі, бірлестік  жұмыстары, оқушылардың  өзін-өзі  басқару  ұйымдарының  жұмысы  жақсы жолға  қойылған. 

  

Қазақ  әдебиеті  6-сынып  гимназия,  математика  тереңдету  9-сынып,  ағылшын тілі  11-сынып,  8- сынып  гимназия,  биология 10-сынып  тереңдетіліп  оқытылады.

 

Мектептегі  басты  тұлға  -қашанда  мұғалім.  Мектепте  еңбек  78  мұғалімнің  66-сы  жоғары,  12-сі  арнаулы  орта  білімді  ұстаздар.  Мектептегі  544  оқушының  44-і  «үздік», 190-ы «жақсы»  деген  бағалармен  оқыды,  сапа 46,8%.  Оқу  жылының  қортындысында  Есенғазиева  Алмагүл  «Ерекше»  аттестатқа, 1 оқушы  Багитов  Ерболат «Үздік»  куәлікке  бітірді.

 

ҚР  Білім  туралы  Заңында  мемлекеттік  тілді  орыс  тілі,  шетел  тілін  меңгеру  қажеттілігі  айтылған.  ҚР  Білім  және  ғылым  министірлігінің  2004 ж  4.03№ 174 бұйрығы   негізінде  « Жалпы  білім  беретін  мектептердің  2-ші  сыныбынан  бастап ағылшын тілін  оқыту»  экспериментін  енгізу  бағытында  мектебіміздің  2- сыныптарының  40- оқушысы  ерте  жаста  ағылшын  тілін  оқытуды  бастады.  Пән мұғалімі  Жұбаниязова  Жамал  2005  жылы  ақпан  айында  өткен  «Қазіргі  заман   жағдайында  ерте  жастан  оқыту»  атты  республикалық  семинарға  қатысып,  сабақтары  жоғары  бағаланды. 

 

Эксперименттік  сыныптар  2-ші  сыныпта  білім  сапасы  52,5%,  3-ші  сыныптарда  85%  болды.  Техникалық  көрнекі  құралдармен  қамтамасыз  етуге  159000 теңгеге  телевизор,  видиомагнитафон,  маркер  тақтасы,  магнитафон  алынды.  11 167 720  теңгеге  лингофондық  құрал- жабдықтар  алынып,  2  шет  тілі  кабинеті  жасақталынды. 

 

Жаңа  технологиялық  үрдістің  жетістіктерінің   бірі -  электрондық  оқулықтарды  шебер  пайдалана  білу. Мектеп  мұғалімдері  Иманбаева  Гүлайым  - математика, Ерғалиев  Мажит – тарих  пәндері  бойынша  электронды  оқулықтарды  пайдалана  отырып,  «Нәтежеге  бағытталған  білім  беру  жағдайында  оқытудың  сапасын  инновациялық  бағытта  дамыту»  тақырыбында  өткен   бесінші  обылыстық педагогикалық  оқуларда  ІІ, ІІІ  орындарды  иленді. 

 

Құқық  пәні  мұғалімдерінің  байқауында  Өмірбекова  Зоя  ауданнан  І орынды  иленсе, обылыстық  байқауда  жүлделі  ІІІ  орынды  иленіп  келді.  «Словесник -2005»  обылыстық  байқауында  орыс  тілі    пәні   мұғалімі  Тлеуова  Светлана  ІІІ  орын,  «Ең  үздік   химия  кабинеті»  байқауында  кабинет  меңгерушісі  Мұхамбетжанова  Мансия  облыстан  жүлделі  ІІІ  орынға  ие  болса,  Қазақстандағы  «Ең  үздік  ауыл  мұғалімі»  байқауына  қатысқан  мектеп  директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Ермекова  Элеонора Парламент  мәжілісінің  депутаты  Д.Назарбаеваның алғыс  хатымен  марапатталды . 

 

Мектеп  оқушылары  аудан  мектептері  арасында  олимпиададан  4-ші  орында.

 

Осы  оқу  жылында  міндетті  оқу  қорынан  60  оқушыға  198  300  теңгенің  киім  түрлерімен  көмек  көрсетілді.  Облыс  әкімінің  орынбасары  Р. Мүрсалимованың  № 106/405  07.  07.  2004 ж  хаты  бойынша  «Болашаққа  жол»  акциясына  мектептің  Педагогикалық  ұжымы  селолық  округпен  бірлесе  отырып,  бірінші  сыныпқа  қабылданатын  аз  қамтылған  отбасының   18        оқушысына  18000  теңгенің   қайырымдылық  көмегін  көрсетті

 

Мектептегі    кітапхана   қоры – 28006  дана.  Кітапханада  19  221  дана  оқулық,  5137  дана  әдістемелік  құралдар,  3648  дана  көркем  әдебиетпен толықты. 

 

Кітапханашы Сағындықова Күнсұлу. Осы жылды мектепте педагог-психолог штаты ашылып, Шадуова Үнзира Есенжанқызы өз келісімімен жұмысын атқарды.

 

 

 

                       Мектеп  мұғалімдерінің  3 жылғы  сапалық  құрамы

 

                Көрсеткіштер

                                    Жылдар

 

 

     Барлық   мұғалімдер

 2003-2004

  2004 -2005

 2005 -2006

 

      77

      78

       74

 

   Санаттары

Жоғары санат

       1

        2

        3

 

Бірінші  санат

      26

       28

       31

 

Екінші  санат

      16

       14

       11

 

Жоғарғы  білімді

      66

       65

       68

 

      Білімі

 Арнаулы  орта  білім

       5

        1

         1

 

 Орта   білім

        1

         1

         1

 

  Аяқталмаған  жоғары

 

 

 

 

 

        5

         7

         4

 

 

 

 

 

2005-2006   оқу   жылында    мектепте  28  сынып  құрамы   болып,   514  оқушы  білім   алды.   Оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі Баймұқанов Сағынғалидын Береке негізгі орта мектебіне директор болып тағайындалуына байланысты  орнына Исақұлова Балжан Маннанқызы  завуч болды. 7а  сыныбы  әдебиеттен ,    11а   сыныбы   биология   пәнін   оқыту   гимназия  сыныбы,  10а  сыныбы  математикадан  тереңдетілген,  9 а   сыныбы   ерте  жастан    ағылшын  тілін   оқыту ,  6а  сыныбы   Қазақстан   тарихынан  тереңдетуге   бағытталған    сыныптар  болып  оқытылды.

 

Оқу   жылының   қорытындысы  бойынша  білім  сапасы  1 – 4   сыныптарда  -58,8%   5 – 9  сыныптарда   -48, 3%      10 – 11  сыныптарда  28, 5%   болып   мектеп   бойынша  сапа 48 ,7%  құрады. 

            

 

                                  Гммназия    сыныптарындағы   білім  сапасы

 

 

 Пәні

 

Оқыту  тілі

 

 

Сыныбы

 

 

Сынып  саны

 

 

Оқушы саны

 

      Бағалары

Сапа

%

 

Мұғалімі

  5

  4

 3

 

 әдебиет

 

қазақша

 

   7а

 

   1

 

   20

  4

  13

  3

85

Үмбеталиева

 Нағима

 

биология

 

    -//-

 

   11а

 

   1

 

   10

  5

   5

 -

100

  Қойбақов

     Серік

                     

 

 

Шығармашылық   қабілетті  дамыту   мен  ғылыми   жұмыстардың   негізін  игеру Мақсатында  мектепте  «Зерде»  ғылыми   қоғамы  нәтежелі  жұмыс   жасады.  Тарих  -  өлкетану,  қоршаған   табиғи  ортаны   және  адам  денсаулығын  сексиялары  бойынша  оқушылар  ғылыми  жұмыспен   айналысып,  қабілеттерін  ұштау  мақсатында  аудандық,  обылыстық  ғылыми  жобалар  байқауына  қатысып,жүлделі  орындарды   иленді.  Ғылыми  жобалар  байқауында   9 – сынып  оқушысы Наутиев  Бекарыс  І  орын,  Қазиева  Нұргүл-ІІ  орын,  Серікова  Нұргүл  ІІІ  орынға.   Жыл  бойы   барлы  барлық   пәндерді  4 пен  5-ке  оқыған  оқушылар  емтиханнан босатылып, 5-8,  10  сыныптардағы  215  оқушының  121 –і  емтихан  тапсырды. 

 

Негізгі  мектепті  Хамиева  Азиза  «Үздік»  куәлікке  аяқтады.   Мектеп  түлегі  Бисенова  Гүлзада  « Атырау  мұнай  және  газ»  институтының  мемлекеттік тегін   оқу  мәртебесіне  ие  болды.  Негізгі  9-сыныпты  аяқтап  арнаулы  оқу орындарына  тапсырған   мектеп   түлектерінің  8-і  мемлекеттік  грантқа  ие  болып,  оқуғатүсті. 

 

Мектепте  мұғалімдердің   қалыпты  жұмыс  жасауына  жағдай   жасалып  отыр.   Жыл  сайын   өткізілетін   пән  мұғалімдерінің    олимпиадалары  мен   «Жыл  мұғалімі»,  «Ауыл  мұғалімі» ,  « Сынып  жетекшісі»  байқауларының   жеңімпазы  атанып ,  шығармашылық биіктерден  көрініп  жүрген   ұстаздар;  Бержанова  Самал   Халық  мұғалімі   Қ. Айтқалиевтің   75  жылдығына  арналған  республикалық   жас  мұғалімдердің  сайысында  жүлделі   ІІІ  орынды  жеңіп  алса,    қазақ  тілі  мұғалімі   Үмбеталиева   Нағима  Қ.  Бітібаеваның  60  жылдығына  арналған  республикалық  ғылыми  конференцияға  қатысып, Алғыс  хатпен  марапатталды,  еңбегі   жинақ   кітапшасына  енді. 

 

Информатика  пәнінің  мұғалімі  Оразалиева  Жаңылдық  Республикалық  семинарға  қатысып,  өз  тәжірбиесін  ортаға  салып  келді,  баяндамасы  Республикалық  жинақ кітапшасына  енді .  «Таңдаулы  пәндер  бағдарламалары мен  оқу-әдістемелік  құралдары»аудандық  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  байқауына  Құрманғалиева  Бақтыгүл  мен Мырзағалиева  Ақбөбе  қатынасып, жүлделі  орындарды  иленді.

 

Мұғалімдердің  «Нәтежеге  бағытталған  ауыл  мектебі»  тақырыбымен  өткен  педагогикалық  оқуға  5  мұғалім  қатынасып,  Алтыбаев  Ерболат ,  Ахтаубаева  Алмаш ,Өмірбекова  Зоя  ауданда  І орындарды ,  обылыстық  педагогикалық  оқуларда  жүлделі ІІ , ІІІ  орындарды  иленсе  Өмірбекова  Зоя ,  Наубаев Көшқали  обылыстық  білім  жетілдіру  және  қайта  даярлау  институтының  арнайы  Алғыс  хатымен  марапатталды .  Сәуір  айында  ауданда  өткен  «Жыл  мұғалімі -2006» байқауына  математика  - информатика  пәні  мұғалімі  .Шамсутдинова  Гүлбану жүлделі  І  орынды жеңіп  алды,  мамыр  айында  обылыстық   « Жыл  сынып  жетекшісі»  байқауының  жеңімпазы  атанды.  Алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  мұғалімі  Дощанов  Мұхамбктжан  мектеп  оқушыларының  әскери  - қолданбалы  спорт  түрлеріне  нәтежелі дайындаған  үшін  обылыстық  білім  деп  департаментінің   дипломымен,  орыс  тілі  пәні мұғалімі    Жүгінісова  Зулмара  «Пушкин  шығармаларын»  насихаттаушылар  сайысында  ІІ  дәрежелі  дипломмен , ал Қазақстандағы  «Ең  үздік  ауыл  мұғалімі»  байқауына  қатысқан  Меңдібаева Бақтыгүл  Парламент  мәжілісінің  депутаты  Д.  Назарбаеваның  алғыс  хатымен  марапаатталды .

 

2006 -2007  оқу  жылында.  Таңдай  орта  мектебінің  педагогикалық  ұжымы  «Ой-өрісі кең  нарық  жағдайында  еңбек  етіп,  білім  алуға  дайындығы  бар,  шығармашыл  жеке тұлғаны  тәрбиелеу»  мақсатымен  көптеген  игілікті  көптеген  игілікті  жұмыстар  атқарады .  ҚР  Білім  министірлігінің  26  ақпан 1997 ж  № 03 -09 -05/2-102  нұсқау  хатына  сәйкес  Бақсай  селолық  округі  бойынша  оқуға  тартылуға  тиісті  6-12  жас аралығындағы  593 баланың  105-і  басқа  облыс,  аудан  көлемінде,  488  оқушы  мектепте  оқып  білім  алды .

 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Қазақ  білім  академиясы  ғылыми  кеңесінің  3  сәуір  2006  жылғы  №3  хаттамасымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы  мектептерінде  бағдарлы  оқытуды  жүзеге  асыра  бастауына  орай  10 а  сыныбының  8  оқушысы Гуманитарлық   бағытта,  10 б  сыныбының  14  оқушысы  жаратылыстану- математика  бағытында  бейінді  оқытыла  бастады.

 

Мектепте  2  мультимедиалық,  2  компьютер  сыныптары  жұмыс  жасады.  №1 компьюткр  сыныбында  жалпы  құны  1 055 719  теңгенің  «COMPAG»  және  №2  сыныпта   құны  733 032  теңгенің   «PACKARD»  маркалы,  барлығы  әр  кабинетте  алтаудан  12  компьютер  бар.  Оқу  жылының  аяғында  1 -11  сыныптар  аралығындағы  «450»  оқушының  «5» ке  51-і, «4-5»-ке  «169» - оқып,  білім  сапасы  48,8%   құрады.                    

                           

                                                                                                                                                                                  Пәндер  бойынша  сапалық   көрсеткіш

 

 

 

Пәндер

Қазақ   тілі

 

 

Қазақ   әдебиеті

 

Орыс  тілі

 

Орыс  әдебиеті

 

 

Ағылшы

Матема

 

Гиометр

Физика

Қаз. геог

Тарих

Қаз. тар

биология

химия

Информ

Сапа

   %

 

54

61,5

56,5

46,5

60,8

55,9

48,5

50,2

56,1

61,2

59,3

64,6

55,8

65

 

 

Қандай  жағдайда   да  іс  тетігін  маман  шешеді.   Мектепте  еңбек  ететін  70  мұғалімнің  жоғары   білімдісі – 64,  арнаулы  орта  білімдісі  -   5,  орта  білімді  -1,  санаттары  бойынша  жоғары  санатты  -7  ( Оразалиева  Жаңылдық,  Жұбаниязов  Жамал,  Дощанов  Мұхамбетжан,  Ахтаубаева  Жанар,  Үмбеталиева  Нағима,  Өмірбекова  Зоя,   Мырзағалиева  Ақбөбе),  І  санаттысы  - 29  мұғалім . 

 

Ойшыл  Абай  Құнанбаев  «Адамның  адамшылығы  жақсы  ұстаздан»  дегендей  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбиені  ұштастырған  ұстаздар  шәкірттерге  зерделі  білім  мен  тәрбие  беріп  келеді.  «12  жылдық  білім  беруге  көшу»  тақырыбында  өткен бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  обылыстық  ғылыми-  әдістемелік  конференциясына  қатысып,  өз  көзқарастарымен  бөліскен  мұғалімдер  Шолпан  Габдулиева  мен  Айбөбек  Зұлқашеваның баяндамалары  республикалық  жинақ  кітабына  енгізілді.

 

« Ұстаздың  өзіндік  әдістемелік  шеберлігі»  атты  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  аудандық  баяндамала рбайқауында  Иманбаева  Мүслима  Алғыс  хатпен  марапатталды.   Бейнелеу  өнері  жәнетехникалық  көрмелер  сайысына  өз  жұмыстарын  ұсынған  технология  пәнінің  мұғалімдері  Ермек  Иманғалиев  пен  Қадырғали  Рыспаев  обылыстық  байқауда  ІІІ орынмен  және  Алғыс  хатпен  марапатталды..  Желтоқсан  оқиғасының  20  жылдығына арналған  тарих  пәні  мұғалімдерінің  «Желтоқсан – тәуелсіздік  таңы»  сайысына  қатысып  Зоя  Өмірбекова  ІІІ  орынды  иленсе,  ардагер  ұстаз  Орынбасар  Жұбановтыңжылдығына  арналған  орыс  тілі  пәні  мұғалімдерінің  сайысында  Гүлшат  Тұяқова  да  ІІІ  орынға ие  болды.  Ағылшын  тілі  және  география  пәні мұғалімдерінің  обылыстық  олимпиадасына  қатысқан  пән  мұғалімдері  Жамал  Жұбаниязова  мен  Жанар  Ахтаубаева  әрііптестері   арасынан  ерекшеленіп  ІІ  орынға  ие болды.  Дәстүрлі  мұғалімдердің «Жыл  мұғалімі -2007» байқауында  биология  пәні  мұғалімі  Жұмагүл  Қайнарова  «Әдіскер  ұстаз»  аттанды.  «Жаңарған  елге  - сапалы  білім»  тақырыбымен  өткен  мұғалімдердің  обылыстық  педагогикалық  оқуларына  қатысқан  география  пәні  мұғалімі  Серік  Қойбақов  І  орынды дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі  Талғат  Иманбаев,  химия  пәні  мұғалімі  Ақсұлу  Тасанова,  технология  пәні  мұғалімі  Қадырғали  Рыспаев,  мектепалды  дайындық  сыныбының  тәрбиешісі  Алмаш Ахтаубаева  ІІ  орындарды,  мектеп  психологы  Үнзира Шадуова  ІІІ  орынды  иеленіп ,  ұжым  абыройын  көтере  түсті.  

               

2007-2008 оқу жылында оқып, білім алған 490 оқушының  «5»-ке 48, 4 пен 5 -ке 178-і  үлгеріп, сапа 49,5 пайызды құрады. Мектепте осы жылдары 65 мұғалім еңбек етті.  Отбасылық жағдайына байланысты Атырау қаласына қоныс аударған  Ермекова Элеонораның орнына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып Шадуова Үнзира тағайындалоды, психолог міндетін Ерғалиев Мажит атқарды.Оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесі бойынша мектеп аудан мектептері арасында 2 орынды иеленді.Мектеп және мектеп жанындағы интернаттың материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытында мектеп пен интернаттың жылу жүйелеріне «Эра» ЖШС-і 9 млн.360 мыңның күрделі жөндеуін жүргізді.Нәтижелі еңбек биігінен мұғалімдер: Б.Исақұлова,Г.Акимова,Г.Қуатова,Г.Шамсутдинова  көріне білді.

 

2008-2009 оқу жылында 492 оқушы, 26 сынып,мұғалімдер  саны-69 болды.Мұғалімдердің жоғары санаттысы-6, 1 санаттысы-33, 59 пайызды құрады. Оқушылардың білім сапасы 52 пайыз. Мектеп бітіруші түлектер: Наутиева Әйгерім, Наубаева Гүлшат,Әбішева Гүлназира «Алтын белгі» иегері атанды. Бисен Шынар Ахметқызы ғылыми жобалар байқауында  ауданнан 1,облыстан  жүлделі 2 орынды алып келді. Мектеп бітіруші  33 түлектің 32-і ҰБТ орталығынан тест тапсырды,оның 13-і  білім грантына ие болды. Мектеп ,мектеп жанындағы интернатта жылу жүйесі 9 млн.460 мың тенгеге жөнделінді, интернат терезелері пластик терезелермен алмастырылды. Республикалық бюджеттен 3 млн.420 мың тенгеге физика кабинеті,жергілікті бюджет есебінен 1 млн.379 мың тенгеге 11 компьютер,1 млн.650 мың тенгеге қысқы бақ жөндеуден өткізілді. 2 млн.тенгеге химия кабинеті,1 млн.250 мың тенгеге тіс кабинеті алынып берілді.Мектепте құны 11 млн. 162 мың лингофон,2 компьютер кабинеті,интернет бар.

 

Аудан,облыс көлемінде жүлдеге ие болған мұғалімдер: Өмірбекова Зоя, Ахтаубаева Алмаш, Ерғалиев Мажит,Меңдібаева Бақтыгүл,Тлеуова Света .

 

2009-2010 оқу жылын 468 оқушы,68 мұғаліммен аяқтады. Мектептегі барлық 68 мұғалімнің жоғарғы санаттысы 5,1 санаттысы-33. Оқу жылы қорытындысымен 434 балаға баға шықты. «5»-ке 53»4 пен 5»ке 180 үлгеріп, сапа 53,4 пайызды құрады.

 

Жыл қорытындысы бойынша есімдері мақтанышпен аталған ұстаздар: Тасанова Ақсұлу,Дощанов Мұхамбетжан,Насенова Күлаш,Оразалиева Жаңыл,Иманбаев Талғат,Мұхамбетова Жеміс.

 

Мектеп бітіруші түлектер ҰБТ орталығынан тест тапсырып, орта балы 106,2 пайызды құрады. 15 оқушы білім грантына ие болды.

 

2010-2011 оқу жылында  68 мұғалім еңбек етті. 1-11 сыныптар аралығында баға шыққан 430 оқушының «5»-ке 52,»4 пен 5»-ке 186 үлгеріп, сапа 55,3 пайызды құрады. Мектеп жанындағы интернатта 53 тәрбиеленуші оқып, білім алды. «4» пен «5» ке 16 үлгеріп, сапа 32,6 пайызды көрсетті. Ерғабыл Төребек,Шалқар Лазина, Көбен Сырым, Әбілева Айша аудан,облыс көлеміндегі ғылыми жобалар байқауының иегерлері атанды. Габдуллиева Шолпан,Алтыбаев Ерболат,Қуатова Гүлмира, Ожаева Гүлбану есімдері еленді.

 

2011-2012 оқу жылында 455 оқушы, «5»-ке 45, «4 пен 5»-ке174,сапа-53,1.ҰБТ-ға 35 оқушы қатынасып, орташа балл-53,8 болды.Білім грантына 2 оқушы ие болды.пәндік олипиадаға 47 оқушы қатысып, 43-і жүлделі орынды иеленді. 1 орын-9,2-ші орын-214, 3 орын-13, сапа 91,4.Облыстық пәндік олимпиадаға 5 оқушы қатынасып,4 оқушы жүлдегер атанды.» «2» орын-1,3 орын 3, сапа -80 пайыз.Махамбет оқулары жыр байқауында 1 оқушы 1-ші орын,облыстан 2 орынды иеленді.Мектеп мұғалімдерінің шығармашылық байқауында пед.оқуда 7 мұғалімнің 1 орынды -3, 2 орынды 2-і,3 орынды 1-і иеленді.Мектеп психологы болып Кенжеғалиева Лаура Утеуовнв тағайындвалды.

 

2012-2013оқу жылында 416 оқушы білім алды. Оның 39-ы «5»-ке,  184 «4 пен 5»-ке үлгеріп, сапа -55,2.ҰБТ-ге 20 оқушының 19  қатынасып, орташа балл-75. Пәндік олимпиадаға (аудандық)-46 оқушы қатынасты, оның 1 орынға 26, 2 орынға 11,  3 орынға 10 ие болды. Облыстық пәндік олипиадаға 5 оқушы қатынасып, 2 орын-1,3 орын-2-і иеленді.

 

2013-2014 оқу жылы

 

2014-2015 оқу  жылын 414   оқушы,   63   мұғаліммен аяқтады.   Мектепте ұстаздар жұмысын бір арнаға бағыттап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қажетті барлық жағдай жасалған.

 

                   Мұғалімдердің санаттылық бойынша  сараптамасы

 

Саны

Жоғары

1 санат

Пайызға шаққанда

63

12

31

69,4

 

Үлкен ізденіс жолында мұғалімдер ұжымы заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын және оқытудың мультимедиалық технологияларын пайдалана отырып, «Жаңа формация мұғалімі» деген атаққа лайық болуға тырысуда.ББ 13.02№ 97    бұйрығына сәйкес   мектеп базасында «Технология пәні» мұғалімдерінің аудандық   сайысы өткізілді. Сайысқа технология пәнінің мұғалімі Қ.Рысбаев қатынасып, жүлделі 1-ші, облыстық «Ең үздік технология пәні мұғалімі» байқау сайысында облыстан 3 орынды иеленді. Аудандық ББ 21.01.№38 бұйрығы негізінде  математика пәні мұғалімдерінің педагогикалық олимпиадасына пән мұғалімдері Н.Сиғуатова 3-ші, Г.Иманбаева 2-ші орын алды. Аудандық білім бөлімінің жоспарына сай өткізілген «Инноватор-меңгеруші-2015»   мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арасында өткен байқау-сайыста Г.Қойбақова  2 орынды жеңіп алды.

 

Атырау облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес биология пәнінің мұғалімі  Ж.Қайнарова  22-29 наурыз аралығында  Алматы қаласында «Қазіргі мектепте ғылыми жобаларды қалыптастыру қызметінің биологиялық аспектілері» тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинарына қатынасып келді.

 

Аудандық   қазақ тілі пәні мұғалімдерінің олимпиадасында  Г.Акимова , «Үздік сынып жетекшілер  бірлестігі» байқауында Ү.Шадуова жүлделі 1 орындарды ,  «Жас мұғалімдер» байқауында  математика пәнінің мұғалімі А Сағынғалиева -2ші, «Жыл мұғалімі « сайысында  орыс тілі пәнінің мұғалімі З.Жугинисова 3-ші орындарды иеленді.

 

Мектепішілік педагогикалық оқулар байқауына  9 мұғалім ,Аудандық пед.оқуға 6  мұғалім қатынасып, 4-і 1 –ші, 1- уі -2 орын, Н.Әбенова Алғыс хатпен марапатталды. 5 мұғалім «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі –білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты»-тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуларға қатынасып, нәтижесінде ; география пәнінің мұғалімі С.Қойбақов 2-ші, биология пәнінің мұғалімі Ж.Қайнарова тарих пәнінің мұғалімі  М.Ерғалиев 3-ші орындарды иеленді.Сапа 60 пайызды құрады,  білім жетілдіру курсынан өткен мұғалімдер саны-187                                             

  

Шәкірт  білімін  саралайтын  көрсеткіш  - пәндік олимпиадалар.   Аудандық пәндік олимпиадаға қатысқан 3,5-7 сыныптардағы 21 оқушының біреуі- 1-ші орын, үшеуі - 2-ші орын, жетеуі 3 орынды иеленіп келді. Сапа 52,3   пайыз .

 

                                             Олимпиада жеңімпаздары

Р/С

Қатысқан оқушылар

Пәні

Алған орны

Жетекші мұғалімі

1

Бағытжан Бекзат

математика

1

Иманбаева Гүлайым

2

Нұрбекқызы Нұрайна

Ана тілі

2

Қаленова Гүлжазира

3

Жексембай Диас

математика

2

Габдуллиева Шолпан

4

Фазыл Шыңғыс

Қазақ тілі

2

Акимова Гүлжан

5

Дюсупова Дильназ

Орыс тілі

3

Тлеуова Света

6

Орынғали Айнель

Орыс тілі

3

Меңдібаева Бақтыгүл

7

Бағитов Нұрсәт

Орыс тілі

3

Тлеуова Света

8

Сағидолла Ару

Ағылшын тілі

3

Молдашева Гүлжанар

9

Сәлім Биназир

математика

3

Суханберлина Қаншайым

10

Саламат Ақерке

Қазақстан тарихы

3

Қабасова Асель

11

Сәлімгерей Альбина

физика

3

Губашева Айнаш

 

  

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мен ғылыми жұмыстардың негізін игеру мақсатында «Зерек» ғылыми қоғамының жұмысы атаға тұрарлық.)мамыр айында өткен аудандық  ғылыми жобалар байқауына  мектептен 7  оқушы қатысты.Оның 1-уі 1 орын,2-уі-2 орын,3-уі 3 орын, біреуі-Алғыс хатқа ие болды.

 

           2014-2015 оқу жылындағы ғылыми жобалар байқауы нәтижесі

 

Р/С

Қатысқан оқушы

Сыны

бы

Пәні

Алған

 орны

Ғылыми жоба тақырыбы

жетекшісі

1

Талғатова Дильназ

3

дүниетану

3

ИОД-тың адам ағзасындағы рөлі

Б.Құрманғалиева

2

Хамит Жантөре

4

физика

2

Жарық диоды арқылы электр энергиясын үнемдеу

А.Ахтаубаева

3

Орынғали  Айнель

6

Орыс тілі

2

Образы домашних животных в басни Крылова

Б.Меңдібаева

4

Абат Бейбарыс

8

тарих

3

О.Көшеков –мемлекет және қоғам қайраткері

М.Хамиев

5

Аманкелді Нұрсағила

9

Қазақ тілі

3

Шәкәрім поэтикасы

С.Абдолова

6

Ерғабыл Риза

9

биология

1

Жылма

А.Ақберліқызы

7

Ибатолла Ақсәуле

9

биология

Алғыс

хат

Бионика-табиғат перзенті

Ж.Қайнарова

 

11 сынып оқушысы Әбілева Айша республикалық олимпиаданың 4 кезеңіне дайындалу мақсатында Железноводск қаласына барып келді. ББ№107 бұйрығына сәйкес 21-29 наурыз аралығында Айша жалпы білім беретін пәндерден мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасында  жүлделі 3 орынды иеленді.Пән мұғалімі С.Бержанова

 

Мектеп пен мұғалімдердің мақтанышы-оның зерделі шәкірттері.

 

Талдыкөл мектеп-бала бақша кешені базасында «Қазақстан-2050 балалар көзімен» интеллектуалдық сайысқа  «Жасұлан» балалар ұйымының  мүшелері: Н.Бағыт,Г.Төремұрат, Ж.Жұмагерей  қатынасып, 3 орындарды иеленді.

 

Мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық балаларына арналған «Білім жолымен» аудандық олимпиадасына 3 тәрбиеленуші қатынасып, нәтижесінде:2 бүлдіршін 1 орын,1-уі Алғыс хат алды

 

Қатынасқандар

Номинация

Тәрбиешісі

Қайратқызы Гүлімай

«Бәрін білгім келеді» (1 орын)

С.Есенғазиева

Сансызбай Әйгерім

«Біз мектепке барамыз»(1 орын)

К.Оразғалиева

Қуандық Жауқазын

«Ойлан,тап»Алғыс хат

Б.Құрманғалиева

 

 Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен аудандық «Бастау» математикалық турнирге 3 оқушы қатынасып, топтық есепте «Бас жүлдені» иеленіп қайтты.

 

                                        Математикалық турнир нәтижесі

 

Қатынасушылар

Орны

Пән мұғалімдері

Жесембай Диас

Бас жүлде

Ш.Габдуллиева

Хамит Жантөре

1 орын

А.Ахтаубаева

Теміржанова Мадина

1 орын

А.Зұлхашева

 

Мектептегі тәрбие жұмысы «Ұлт мұрасы» аймақтың бағдарламасының 7 бағытын басшылыққа ала отырып жұмыс жасады.

 

Мектеп базасында аудандық білім бөлімінің ,кәсіподақ кеңесінің жоспарына сай «Шуақты шаңырақ шаттығы» тақырыбында аналар кеңесінің,аудан мектептерінің ұйымдастырушыларының қатысуымен конференция ұйымдастырылып, конференцияда зейнеткер-ұстаз аналарға  құттықтаулар ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Мектепте «Азамат» ұлдар ұйымы «Әкелер қоғамдық кеңесімен» бірлесе отырып жұмыс жасайды. «Әкелер қоғамдық кеңесінің» төрағасы Е.Алтыбаев.

 

«Ер бала-болашақ отбасының басшысы» ашық журналда Әкелер кеңесінің төрағасы Е.Алтыбаев «Отан отбасынан басталады» тақырыбында баяндама жасап, мектеп психологы Л.Кенжеғалиева  « Әке –асқар тау» тақырыбында  тренинг ұйымдастырды. Шараға 78 ұл бала қатынасты.  Аудандық білім бөлімінің  жоспарына сай Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектеп базасында  «Мөлдір бұлақтан» отбасылық сайысына Қанатовтар мен Орынғалилар отбасы қатысып, 1 орынды иеленсе, «Үлгілі жанұя» номинациясы бойынша сырттай байқауда Қанатов Ізбасардың отбасы ауданда 1 орынға шығып, жұмысы облысқа ұсынылды.    Осы орайда, бала тәрбиесіне үлкен мән беріп жүрген ата-аналар: Есен Айман,Ермекова Кәкима,Бақтыгереев Ахметжан, Қуатов Асхат, Қанатов Ізбасар, Қаленов Таңатар, Салихова Тәрбие,Ермеков Нұрлан есімдерін атау орынды.

 

Биылғы жылғы еліміздегі айтулы оқиғалар - Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығы Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Жарлығымен 2015 жыл- Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды.  Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп,бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы секілді   айтулы оқиғаларды насихаттау, жас ұрпақ бойында адамгершілік,ізгілік, Отансүйгіштік,патриоттық сезім қалыптастыруда  мектепте  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты  аудандық білім бөлімінің   2015 жылдың 05.03.№132 бұйрығына сай   «Жүзі басқа –жүрегі бір, Түрі басқа –тілегі бір» 5-7 сыныптарда  фестиваль өткізілді.

 

1 мамыр халықтар бірлігі күніне орай «Біз біргеміз,ажырамас іргеміз» тақырыбында  ұландар жиыны өткізілді.

 

Тарих пәнінің мұғалімі М.Ерғалиев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Өткенді білмей,болашақты болжау қиын» дөңгелек үстел өткізді.  Қасым Қайсеновтың «Жас партизандар» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы, «Жайдарлы Жасұлан» интеллектуалдық сайыс, Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арнап поэзия кеші жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өткізілді. «Ақжүніс» қыздар ұйымының жұмыс жоспарына сай 8-10 сыныптар арасында   «Сырласайық,жеңеше» , «Қазақ арулары»,  3-4 сыныптар арасында «Ақ әжем» тақырыптарында тәрбие шаралары ұйымдастырылып, шараға «Аналар  алқасы» қатыстырылды.  Қыз бала тәрбиесі жөнінен облыс бойынша 8 мектеп, соның ішінде  аудан мектептері бойынша Таңдай орта мектебі «Тірек мектебі» болып Атырау ОББ басқармасының 2015 ж.25.02.№15-4-12/429 хатына сәйкес белгіленді.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Біз- жеңімпаз әкелердің бақытты ұрпағымыз. Егер толар жеңіске жетпегенде, қакзір біздің жағдайымыз қандай боларын елестетудің өзі қиын. Сондықтан,ардагерлеріміз мерекеде ғана емес,күнделікті өмірде де барлық құрметке лайық»-деп соғыс,тыл ардагерлерін құрметтеуге, жас ұрпақты қиын-қыстау кезеңде ел қорғауға дайын болуға  шақырған үндеуін басты назарда ұстана отырып,   Ұлы Жеңістің 70 жылдығына  арнап, «Ұрпақтар Жеңіс жырын жырлайды» тақырыбымен сыныпаралық көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылып, оқушылар соғыс ,тыл ардагерлері туралы альбомдар жасақтап, соғыс тақырыбында рольдік қойылымдар қойып, патриоттық әндер шырқады. 8 мамыр күні соғыстан оралмаған жауынгерлер ескерткіші маңында «Ешкімде,ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында  митингі өткізілді. 

 

Дені сау ұрпақ-қоғам байлығы. Биылғы  оқу жылында 250 оқушы тереңдетілген дәрігерлік байқаудан өтті. Оның ішінде Қан аздықпен-43,тіс аурумен-22,көз ауруымен-60,құлақ ауруымен-11 бала, неврологиялық ауру-4, хирургиялық ауру-2  басқалай ауру белгісі табылғандар ,барлығы 147 баладан ауру белгісі табылды,оның ішінде 9 бала вираж.   Жылма-жыл мектеп жанындағы интернат жанынан ұйымдастырылған «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінде   64 бала  дем алды.  Аудандық Сарытоғай селосындағы «Арай» лагерінде 19 бала демалды. Сондай-ақ мектеп жанынан  ағылшын, математика пәндері бойынша күндізгі салалық лагерьлер ұйымдастырылып, оған 2-7 сыныптардан 130 бала тартылды.

   

Оның ішінде аз қамтылғандар саны-114. Әлеуметтік тұрғыдағы қамқорлық жұмыстары жыл бойы жалғасуда.

 

2014 – 2015  оқу  жылының  қорытындысымен   баға  шыққан 359 оқушының «5-ке-43 -і,  «4 пен 5 ке – 162-і  үлгеріп,  Сапа 57,1 %, құрады.  43  оқушы Мақтау  қағазымен  марапатталды.

               

11 сыныпты  бітіруші  21 оқушының 15-і  Ұлттық бірыңғай тестіге қатынасты. Тесті бойынша жалпы орта ұпай-76,7 пайыз. Абилова Айша  – Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті, Фазыл Темірлан Жәденұлы  Атырау қаласындағы политтехникалық институтының  грант иегерлері.

 

Жазғы  сауықтыру, оқушылардың 5-ші еңбек  тоқсанын  ұйымдастыру  жұмыстары  ұйымшылдықпен  өтті.

  1. 10 сыныптың 21  баласы .Мектептің  ішкі  жөндеу (әктеу,жеңіл-жөндеу жұмыстарына қатысты.) 130  бала математика,орыс тілі,қазақ тілі, ағылшын, компьтерлік  сауаттылықты  арттыру  мақсатында  салалық   лагерьге  тартылды.Сондай-ақ :
  2. Ата-ана қаржы есебінен 3 бала Алматы,Көкшетау қалаларында демалса,

    

Сарытоғайдағы  «Арай»  демалыс  лагеріне – 19;

    

Батыс  Қазақстан (Орал) «Еуразия» лагерінде – 2 -у

    

Мектеп  жанынан  ұйымдастырылған «Балдаурен» демалыс  лагерінде  64, Шымкент қаласындағы Машат-Арасан лагерінде -2, Железноводскіде  аз қамтамасыз етілген отбасының 6 баласы  тегін жолдамамен демалып қайтты. Демалыспен қамтылғандар саны-96. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жыл 25 қаңтар №64  қаулысын басшылыққа ала отырып, Міндетті оқу қоры есебінен бөлінген 1млн.212 мың тенге 40 отбасының 101 баласына халық банкісі арқылы жеке есеп шоттарына аударылды.Қаражат мөлшері әр балаға -12000 тенгеден келеді.

 

      Дәстүрлі   «Мектепке  жол» республикалық  акциясында:

  1. «Никита» - жеке шаруа  қожалығы.-2 бала
  2. «Таңдай орта  мектебінің  ұжымы»-2 бала
  3. «Ақбаян» - жеке  кәсіпкер  Есен Айман-1 бала
  4. «Таңдай дәрігерлік емхана» ұжымы-1 бала
  5. «Райхангүлі» балабақшасы ұжымы-1 бала
  6. «Наурыз» -жеке шаруа қожалығы -2 бала
  7. «Бақсай селолық мәдениет үйі ұжымы -1 балаға
  8. Зейнеткер ұстаз Сара Мүскенова -1 балаға 10000тенге. Барлығы 11 балаға   78 000 теңгеге  оқу  құралдары, мектеп  формасы  алып  берілді.     Биылғы жылы мектеп асханасы арқылы аз қамтылған отбасының 114 баласы қыркүйек айының 2 нен бастап,  тегін ыстық тамақпен қамтылды.

 

2015-2016 оқу жылын  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 8 маусымдағы №364, Атырау облысы білім беру басқармасының 10 тамыз №226, Махамбет аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  24 тамыздағы №422 бұйрықтарын басшылыққа  ала отырып  62 мұғалім  ,  413 оқушымен басталды.Мектеп жанындағы  интернатқа 54 тәрбиеленуші, 1  сыныпқа  54 оқушы  қабылданды.

 

Алғашқы қоңырау «Білім күні» мерекесінің алғашқы сабағы «Менің Отаным» тақырыбымен 22 сыныпта өтті.Аудан мектептері  арасында Таңдай орта мектебі  рейтингілік есепте 2 орында .Мектеп директоры Ахтаубаев Хамит Табылдыұлының зейнеткерлікке шыгуына  байланысты аудандық білім,дене шынықтыру және спорт бөлімінің  № 413    бұйрығы 2015 жылғы 10 тамызда орнына Шадуова Үнзира Есенжанқызы мектеп директоры болып тағайындалды.мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып бастауыш сынып мұғалімі Құрманғалиева Бақтыгүл Сағынғалиқызы тағайындалды.

 

 

 

ТАҢДАЙ  ОРТА  МЕКТЕБІ  ЖАНЫНДАҒЫ  ИНТЕРНАТ  ЖӨНІНДЕ  ҚЫСҚАША  МӘЛІМЕТ

 

1948 – 49  жылында  Таңдай  7  жылдық  мектебінің  материалдық  базасы  нығайып,  алыстағы  малшы  балалары  үшін  30 – 35  балалық  қоғамдық  интернат  ұйымдастырылды.  1965 – 66  оқу  жылында  қосымша  жатақ  үйі  салынып,  ондағы  тәрбиеленушілердің  саны  120 – га  жетті.  Интернаттың  бюджеті  өсіп,  дербес  интернат  меңгерушісі  болып  Ибрашев  Ахот  сайланды.  Жылма – жыл  мектеп  жанындағы  иетернаттың  материалдық  базасы  нығайып,  тәрбиеленушілердің  саны  көбейе  түсті.  Алыс  елді  мекенде  тұратын  малшы  шопан  балаларының  білім  алуына  жағдай  жасалып,  Оқу – тәрбие   жұмысында  өз  нәтижесін  бере  бастады.  1979 – 83  жылдар  арасында  екі  интернат   тәрбиеленушісі  Каримова  Гүлбаршын,  Наубаева  Насиха  мектепті  алтын   медалмен  бітіріп  Алматы  қаласындагы  Алматы  темір  жол  институтын,  Алматы  медициналық  институтын  бітіріп,  қазіргі   уақытта  өз  мамандықтары  бойынша  еңбек  етуде.   Интернат  ұжымы  өзінің  түлектері  Таңдай  орта  мектебінің  мұғалімдері  Үмбеталиева   Нағима,  Иманбаева  Гүлайымды,    Иманбаев  Талғатты, Қуатты,  Атырау  қөаласындағы  поликлиника  дәрігері  Айсиева  Қалғызды,  Атырау  ТӘЦ  - нін  тете    президенті  Иманбаев   Бейбітті  мақтан  етеді. 

  

Интернат  ұжымы 1980 – 81  оқу  жылында  Республикалық  мектеп  жанындағы  интернаттар  байқауына  қатысып  3  орынды,  1985 – 86  оқу  жылында  облыстық  байқаудва  2  орында  иеленіп  өз  еңбектерінің  үздік  үлгісін  көрсетті.  Бұл  орайда  сол   кезде    интернатта  қызмет  еткен   интернат   меңгерушісі  Дәуітқалиев  Балабайды,  тәрбиешілер  Дощатова  Шархаттың  Жұмахметов  Камидың,  Шаманов  Дәулеттің,  т.б.  қызметкерлердің  еңднгі  зор.

 

Дәуітқалиев  Балабай  (1937) – Махамбет  ауданында  туған.  1960  жылы  Гурьев  педагогикалық  институтының   физика – математика  және  сызу  мамандығы   бойынша  бітірген.  1960 – 62  жылдары  Бақсай   балалар  үйінің  тәрбиешісі.  1960 – 64  жлы  Таңдай  орта мектебінде  мұғалім.  1971 – 83  жылдары  Таңдай  орта  мектебі  жанындағы  интернат   меңгерушісі.  1983 – 84  жылдары  Новобогот  ауданындағы  М.Горький  мектебінің  директоры.  1986 – 98  жылдары  Таңдай  орта  мектебінде  интернат  меңгерушісі.  Аудандық,  облыстық,  Республикалық  дәрежедегі  мақтау  грамоталарымен  қатар  «ҚР  Білім  беру  ісінің  үздігі»  белгісімен  наградталған.  Өз  ісінің  майталман  шебері,  қазір  зейнеткерлік  демалыста.

 

Дощатова  Шархат  (1927)- 1944  жылы  педагогикалық  курстан  өтіп,  Таңдай,  Редут,  11 ауыл  мектептерінде  бастауыш  сынып  мұғалімі  болып  бастады.  1948 – 49  жылдары  Зеленый  7 жылдың  мектебінің  мұғалімі.  1949 – 1986 жылдары  Таңдай  орта  мектебінде  бастауыш  класс  мұғалімі,  зоология  пәнінің,  еңбек   пәнінің  мұғалімі.  Зейнеткерлікке  шыққанға  дейін  интернат  тәрбиешісі.  Барлық  педагогикалық  өмірін  Таңдай  орта  мектебінде  өткізген  ардагер  ұстаз  өзінің   шәкірттері  білім  қоғам  қайраткерлері  Есенбай  Ағелеуовпен,  Балтабай  Карабалинмен,  Алғи  Ахмебьяровпен т.б.  шәкірттерімен  марқаяды.  Ардагер  ұстаз  білім  беру   мекемелерінің  мақтау  грамоталарымен  қатар   «Еңбек  ардагері»,  «Ұлы  Отан  соғысының  50 жылдығы»  медальдарының  иегері.

 

Шаманов  Дәулет (1929) – мұғалімі,  соғыс  ардагері.  Махамбет  ауданы,  Бақсай  селосында   туған.  1941 жылы  Жаманқала  МТС – де  оқып  1942  жылы   совет  армиясы  қатарында  майданға  аттанады.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  су  үстіндегі   кемеде  өз  әскери  міндетін  атқарды.  Соғыстан  аман  оралған  ұстаз  1950 жылы  Гурьев  педагогикалық  училищесіне  түсумен  қатар,  Таңдай  қоғамдық  интернатында  қоғамдық  интернат  меңгерушісі  қызметін   қатар  атқарды.  1963 – 68  жылдары  Гурьев  педагогикалық  институтында  оқиды.  Бастауыш  класстар  мұғалімі,  тәрбиеші  қызметтерін  атқарған  Шаманов  Дәулет  1988  жылы  зейнеткерлікке  шықты.  Көптеген  білім  беру  мекемелерінің   грамоталарымен  наградталған.

 

Әбішев  Кинаш  (1912 - 1984) – Тума  ауылында   туған.  Мұсылманша,  арабша,  қазақша  оқыған.  1931  жылы  педагогикалық  курсты  бітіріп  бастауыш  класс  мұғалімі  болады.  Зейнеткерлікке  шыққанға  дейін  Таңдай  орта  мектебі  жанындағы  интернатта  тәрбиеші.

Ещанов Мұрат Барсұлы

Қалмағамбетов Алданбай

 

ТАҢДАЙ  ОРТА  МЕКТЕБІНІҢ  ДИРЕКТОРЛАРЫ   ЖӨНІНДЕ  ҚЫСҚАША  МӘЛІМЕТ

  1. Богатырева Клавдия Васильевна -

 

  1. Әбішев Тұқпат - (1898 - 1955)  Селолық   кенестің  хатшысы,  сауатсыздықты  жою  ісінің  жетекшісі  1 – ші  басқыштар  мектебінің  оқытушысы  болып  өзінің  елге  жұғымдылығымен  танылған  Әбішев  Тұқпат  1926  жылы  мұғалімдік  іске  біржола  бет  бұрды.  Сарайшықта  4 жыл,  сонша  мезгіл  Бақсайда  (Шой)  оқытушы,  мектеп  меңгерушісі  болды.  1934 – 35   жылдары  Манаш  ауылында  мектеп  салдыру,  жаңа  оқу  ұясынан  қабырғасын  қалауға  қолдап  үлес  қосып,  сол  мектептің  директоры  болу  оның  ағартушылық  қызметіндегі  мерейін  өсірді.  1935 жылы  оқушылардың  көбеюіне  байланысты   Таңдайдағы  бастауыш  мектеп  орталау  мектеп  дәрежесіне  көтеріліп  оған  директор  болып  Әбішев  Тұқпат  тағайындалады.  Одан  кейінгі   жылдары   аудандық  партия  комитетінің  насихатшысы,  Жаманқала  (қазіргі  Махамбет)  орта  мектебі  жанындағы  интернат меңгерушісі,  балалар  үйінің  директоры  болып  қызмет  істеді.
  2. Мұқанов Жақсылық – 1942 – 43  оқу  жылындағы  мектеп  директоры.

 

  1. Қазиев Есмұхан – 1943 – 44 оқу  жылындағы  мектеп  директоры.

 

  1. Сарекенов Шоқан – 1945 – 48 оқу  жылындағы  мектеп  директоры.

 

  1. Әдіресов Әбу – 1949 – 52 оқу  жылындағы  мектеп   директоры.

 

  1. Жексенов Құлмағанбет – 1952 – 54 оқу  жылындағы  мектеп  директоры.

 

  1. Майжанов Жасиін – 1954 – 59 оқу  жылындағы  мектеп  директоры.

 

  1. Мажанов Асылбек (1932) -1959 – 60 оқу  жылында  Таңдай  орта  мектебінің  директоры.  1957 – 70   жылдары  география  пәнінің  мұғалімі.  1970 – 79  жылдар  мектеп  директорының  оқу – тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары.  1979 – 82  жылдары  Новобогат  орталау  мектебінің  директоры.  1983 – 84  жылдары  Новобогат  селолық  округінің  әкімі.  1984 – 85  жылдары  Чапаев  селосындағы  М.Горький  атындағы  мектепте  мектеп  директоры.  Зейнеткерлікке  шыққанға  дейін  география  пәнінің  мұғалімі.  Алған  марапаттаулары  жөнінде  қолымызда  еш  дерек  жоқ.
  2. Құрманғазиева Канмзия - 1960 – 61  оқу  жылындағы  мектеп  директоры.  (1926) – ардагер  ұстаз.   «Қазақ  ССР  Халық  ағарту  ісінің  озық  қызметкері».  Батыс  Қазақстан  облысы  Жымпиты  ауданында  туған.  1944 – 48  жылдары  Орал  педагогикалық  институтының  қазақ  тілі  мен  әдебиет  факулятетінде  оқып,  бітірген.  1948 – 88  жылдары  Таңдай  орта  мектебінде  директор,  мектеп  мұғалімі,  партия  ұйымынң  хатшысы  болып  жұмыс  жасаған.   1965  жылы  «Қазақ  ССР  халық  ағарту   ісінің  озық  қызметкері»  белгісімен,  1977 жылы  Қазақ  ССР  оқу  министрлігінің   Мақтау  грамотасымен  мадақталған.  «Ұлы  Отан  соғысы  жеңісінің  50  жылдығы»,  «Еңбек  ардагері»  медалінің  ардагері.
  3. Карабалин Сиғуат – (1932 - 1992)  ауданымыздың  белгілі  азаматы,  ардагер  ұстаз,   Республика  халық  ағарту  ісінің  үздігі.  1950 жылы  Атырау  педагогикалық  училищесін  бітіріп  Манғыстау  облысының  мектептерінде   мұғалім  болды.  1956 – 60  жылдары  Гурьев  педагогика  институтында  оқиды.  1962 – 82  жылдар  арасында  үздіксіз   Таңдай  орта  мектебінің  директорының  қызметін  атқарды.  1983 – 84  жылдары  Исатай  аудандық  халықққа  білім  беру  бөлімінің  меңгерушісі,  1985  жылдан   өмірінің  соңына  дейін  Махамбет  мектеп  аралық  оқу  өндірістік  комбинатының  директоры  болды.  Карабалин  Сиғуат  бүкіл  саналы  өмірін  оқу  ағарту  ісіне арнады.  Өз  саласында  бірнеше  наградалармен,  «Еңбек  ардагер»,  «Еңбекте  үздік  шыққаны  үшін»  медалдармен  наградталған.
  4. Ермекова Райхан – (1953)  1982 – 88   жылдар  аралығында  Таңдай  орта  мектебінің  директоры.  1970 жылы  мекиеп  бітіріп,  1 жылдық  пионер  вожатыйлар  дайындайтын  курста  оқыған.  1971 – 77  жылдар  осы  мектепте  аға  пионер  вожатый.  1972 – 77  жылдары  Гурьев  педагогикалық  институтында  оқиды.  1977  жылы  мектептің   оқу – тәрбие  ісінің  меңгерушісі.  1978 – 1982  жылдары  тәрбие  ісінің   ұйымдастырушысы,  1982 – 88  жылдары  мектеп  директоры.  1988 – 91  жылдары  биология  пәнінің  мұғалімі.  1991 – 2003  жылдары  Таңдай «Райхан  гүлі»  балабақшасының   меңгерушісі.  2003  жылдан  Атырау  қаласындағы  «Алтын  балық»  балабақшасының  әдіскері.  1984  жылы  Қазақ  ССР  ісінің  үздігі  атағын  алған.
  5. Есқалиева Сауле – (1960 - 1996)  Сарытағай  орта  мктебін  бітірген.  1977 – 79  жылдары  таңдай  орта  мектебінде  аға  пионер  вожатый.  1982 – 1983  жылдары  мектеп  директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары.  1984 – 86  жылдары  мектеп  директорының  оқу – тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары.  1987 -  89  жылдары  аудандық  партия  комитетінің  ұйымдастыру  бөлімінің  нұсқаушысы.  1988 – 1991  жылдары  Таңдай  орта  мектебінің  директоры.  1991  жылдан  өмірінің  соңына  дейін  ағылшын  тілі  пәнінің  мұғалімі.
  6. Ахтаубаев Хамит - (1951) –1991  4 қазаны мен 2015 жылдың шілде аралығында  Таңдай  орта  мектебінің  директоры.  Қазақстан  Реапубликасы  білім  беру  ісінің  үздігі.  «ҚР  Тәуелсіздігіне  10 жыл»  мерекелік  медалінің  иегері.  1969 – 73  жылдары  Гурьев  педагогикалық  институтының  физика – матаматика  факультетінде  оқыған.  Физика  пәнінің  мұғалімі.  1973 – 74  жылдары  Балықшы  ауданы  Жұмыскер  селосындағы  Ғани  Мұратбаев  атындағы  орта  мектептің  мұғалімі.  1974 – 79  оқу  жылдарында  Таңай  орта  мектебінде  физика  пәнінің  мұғалімі.  1979 – 91  жылдары  мектеп  директорының  оқу – тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары.  1991 жылдан  Таңдай  орта  мектебінің  директоры.  1989 – 94  жылдары  Бақсай  селолық  кеңесінің  Махамбет  аудандық   кеңесінің  депутаты.   1995 – 99 жылдары  аудандық  маслихат  депутаты.  1996 жылы  «Қазақстан  Республикасы  Білім беру  ісінің  үздігі»  белгісімен,   2001 жыыл  «Қазақстан  Республикасының    тәуелсіздігіне   10 жыл»  мерекелік  медалімен  марапатталды.Ы.Алтынсарин медалінің иегері.

14.Шадуова Үнзира Есенжанқызы-1965 ж.5 ақпан . 1990 жылы Гурьев пед.институтын бітірген. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1995-1996 оқу жылында бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі,2004 жылдың 1 қыркүйегінен 2007 жылдың қазанына дейін психолог, 2007 жылдың қараша айынан бастап директордың тәрбие місі жөніндегі орынбасары2015 жылдың 11 тамызынан бастап мектеп директоры .ОБЖИ «Құрмет грамотасымен ,Облыстық білім басқармасының «Мақтау қағазымепн», Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

«ҚР  Білім  беру  ісінің  үздігі» тос  белгілерін.

 

КР  Білім  министрлігінің,  Облыстық  білім   департаментінің  грамотасын  алғандар.

 

Мұхамбетова  Жеміс  Сиғуатқызы (1949) – Таңдай  селосында  туған.  1966 – 70  жылдары  Гурьев  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  физика – математика  факультетін  бітірген.  1970  жылдан  Таңдай  орта  мектебінде  матаматика  пәнінің  мұғалімі.  Өз  еңбегінің  жетістігі  нәтижесінде  1984 жылы   «МЕтодист  мұғалім»  атағын  алған.  1996 жылы   «ҚР  Білім  беру  ісінің  үздігі»  белгісімен  марапатталады.

 

Насенова  Күләш  (1951) -  Құрманғазы  ауданында  туған.  1968 – 72  жылдары  Гурьев  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  физика – математика  факультетінде  оқып,  бітірген.  1972 – 74  жылдары  Балықшы  ауданы  Г.Мұратбаев  атындағы  орта  мектепте  мұғалімі.  1974 жылдан  Таңдай  орта  мектебінде  мұғалім.  1984  жылы   ҚР  Білім  минмстрлігінің  Құрмет  грамотасымен,  1996  жылы  «ҚР  Білім  ісінің  үздігі»  белгісімен  марапатталған.

 

Оразалиева  Жаңылдық  Көпжасарқызы (1952) – Махамбет  селосында  туған.  1969 – 73  жылдары  Гурьев  педогогикалық  институтында  физика – математика  факультетін  бітірген.  1973  жылдан  Таңдай  орта  мектебінде  математика,  информатика  пәнінің  мұғалімі.  Жоғары  санатты  ұстаз.  1996  жылы  Қазақстан  Республикасы  Білім  министрлігінің  Құрмет   грамотасынмен  наградталған.

 

Баймұханов  Сағынғали Сүйінұлы  (1956) -  Таңдай  селосында  туған.  1982 жылы  Гурьев  педагогикалық  институтының  физика – математика  факультетін  бітірген.  1982 жылы   Таңдай  орта  мектебінің  физика  пәнінің  мұғалімі.  1986 жылы  Новобогат  аудандық  білім  бөлімінде  әдіскер.  1988 жылы  Таңдай  орта  мектебі  директорының   тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары.  1991 жылдан  Таңдай  орта  мектебі  директорының   оқу – тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары.  1999  жылы  ҚР  Білім  министрлігі  Құрмет  грамотасымен  наградталған.

 

Тасанова  Ақсұлу  (1951) – Махамбет  селосында  туған.  1973  жылы  Гурьев  педагогикалық  институтын  химия – биология  факультетін  бітірген.  1973 – 78  жылдары  Таңдай  орта  мектебінде  химия  пәнінің  мұғалімі.  1978 – 86  жылдары  Сарайшық  кәсіптік  техникалық  училищесінде  мұғалім.  1986  жылдан  Таңдай  орта  мектебінде  химия  пәнінің  мұғалімі.  1  санатты  ұстаз.  1996  жылы  ҚР  Білім  министрлігінің Құрмет  грамотасымен  наградталғаг.

 

Дощанов  Мұхамбетжан  Төлегенұлы (1952) -  Таңдай  селосында   туған.   1975 жылдан  Таңдай  орта  мектебінің  бастауыш  әскери  дайындық  пәнінің  жетекшісі.  Әскери  шені   аға  лейтенант.  1979 жылы  Душанбе  қаласындағы  6 айлық  офицерлер  курсын,  1988 жылы Гурьев  педагогикалық   институтын  бітірген.  1  санатты  мұғалім.  2001  жылы  аудандық  кәсіподақтар  комитетінің  Құрмет  грамотасымен,  2002 жылы  облыстық  білім  департаментінің   Құрмет  грамотасымен  наградталған.

 

Мырзағалиева  Ақбөпе  (1958)  - Индер   ауданында  туған.  1981 жылы  Гурьев  педагогикалық  институтының  бастауыш   кластар  педагогикасы  мен  методикасы  факультетін  бітірген.  1981 жылдан  Таңдай  орт  мектебінң  бастауыш  сынып  мұғалімі.  1995 жылы «Оқушыларды  саралап  оқыту  арқылы  шығармашылығын  дамыту»  тақырыбындағы  баяндамасы  Республикалық  педагогикалық  оқуға  жолдама  алды.  Шығармашылықпен  жұмыс  жасап,   өз  жұмысында  жаңа  технология  әдістерін  шебер  пйдалана  біледі.  Ізгілендіру  педпгогикасын   ұстанады.  Аудандық,  облыстық  білім  бөлімдерінің,  кәсіподақ  комитетін  Құрмет  грамотасымен  наградталған.

 

Газизуллина  Анура  Мугауқызы  (1965) – Гурьев  ауданында  туған.  1976  жылы   Гурьев  педагогикалық  институтының  фиолология  факультетін  бітірген.  1976 – 79  жылдары  Гурьев  қаласындағы  №7  Мұхтар  Әуезов  атындағы  орта  мектепте  мұғалім.  1979  жылдан  Таңдай  орта  мектебінде  орыс  тілі  пәні  мұғалімі.   1983 жылғы  облыстық  педагогикалық  оқудың  жүлдегері.   1986  жылы  Қазақстан   Республикасы  Білім  министрлігінің  Құрмет  грамотасымен  наградталды.

 

Мұхамбетжанова  Мансия  Рухоллақызы (1955) – Исатай  ауданы,  Забурн  ауылында  туған.  1977 жылы  Гурьев  педагогикалық  институтының  Химия – биология  факультетін  бітірген.  1977 – 78  жылдары  Октябрь  орта  мектебінде  мұғалім.  1978 – 81 жылдары  Исатай  аудандық  комсомал  комитетінде  хатшы.  1981  жылдан   Таңдай  орта  мектебінде  мұғалім.   2001 жылы  2 облыстық  педагогикалық  оқудың  жүлдегері.  Шәкірті  Әбенова  Нұрсая  «Ауылымыздың  дәрілік  өсімдіктері»  тақырыбындағы  шығармашылық  жұмысымен  «Дарын»  ғылым  қоғамның  конференциясына  қатысып  марапатталған.

 

Исакулова   Балжан  Мананқызы  (1960) -  Новобогот  ауданы,  Новобогот  селосында  туған.  Бойындағы  педагогикалық  қабілетін  ерте  танытқан  ол  мектеп  бітірген  бойда  еңбекке  араласады.  1977 – 87  жылдары  Новогот  орталау   мектебінде  аға  пионер  вожатый.  Исакулова  балжанның  іс – тәжірибесі  аудандық  облыстық  дәрежеде  таратылған.  Республикалық  деңгейдегі  конференциялардң,  семинарлардың  қатысушысы.  1987 жылы   тәрбие  жұмысындағы  жетістіктері  үшін  «методист - вожатый»  белгісімен  марапатталған.  1988 жылы  Гурьев  педагогикалық  институтының  бастауыш  кластарды  оқытудың  педагогикасы  мен  метадокасы   факультетін  бітірген.  1987 жылдан   Таңдай  орта  мектебінде  мұғалім.  1997  жылдан  аталған  мектепте  аға  тәлімгер.  2001 жылы  тәрбие  саласында  жасаған  «оқушыларды  адамгершілікке  тәрбиелеуде  жаңа  технологиялық  әдістерді  пайдалану  тәжірибемнен»  жасаған  баяндамасы  Республикалық  педагогикалық  оқуға  жолдама  алды.  Одақтық,  Республикалық,  облыстық  деңгейде  мақтау  қағаздарының  иегері.      

 

 

«Менің  мектебімнің  тарихы»

 

 

Дайындаған:  Койбаков Серик  Ергабылович

Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі