13 мамыр күні Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің бітіруші түлектерімен , ата-аналар және мұғалімдермен кездесті.

Мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру мақсатында облыс аумағындағы қажетті мамандар тапшылығы, әсіресе, педагогтер мен дәрігерлерге сұраныс, мемлекеттік білім беру гранты және облысқа бөлінген 4000 мың грантты игеру керектігін, жергілікті облыс әкімінің гранты турасында түсінік берілді.

Қ.Ахмедияров  атындағы орта мектебінде 377 оқушы білім алады, мектеп бітіруші 25 түлекті ҰБТ-ге дайындау және психологиялық қолдау көрсету мақсатында арнайы жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.

Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аманшиева Света Ертілеуовна мектептің педагогикалық ұжымымен, мектеп бітіруші түлектермен арнайы кездесіп, қажетті ақпараттармен бөліскені үшін Әлібек Ибатоллаұлына ризашылығын білдірді.

Кездесуге келген ата-ана, мұғалімдер мен оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдары мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді.